Сыртқы борыш 166 млрд доллар: 2024 жылы Қазақстанның Ресейден алған қарызы артты
Қазақстанның сыртқы қарызы 2024 жылы айтарлықтай өзгеріске ұшыраған. Былтыр 9 айда 2,3 млрд долларға өсіп, 165,8 млрд долларды құрады. Қазақстан қарызды негізіне Нидерланды, Ұлыбритания және Ресейден алған.
Қазақстан сыртқы борышының құрылымында Нидерландыға қарызы 42,1 млрд долларды құрайды. 2023 жылдың 9 айымен салыстырғанда көрсеткіш 1,2%-ға азайған.
Одан кейінгі орында Ұлыбритания келеді. Бұл мемлекеттен Қазақстан 14,3 млрд доллар қарыз алған. Жылдық мәнде Ұлыбритания алдындағы қарыз 2,1%-ға өсті.
2024 жылдың 9 айында Қазақстанның Ресейдан алған қарызы өскені байқалады. Жылдық мәндегі өсім 8%-ға тең. Қазір Ресейден тартылған борыш 13,5 млрд долларды құрайды. Ал 2023 жылдың 1 қазанында бұл көрсеткіш 12,5 млрд доллар болған
Одан кейін халықаралық ұйымдар алдындағы қарыз келеді. Қазақстан ірі қаржы ұйымдарынан 13,2 млрд доллар (+1,5%) борыш тартқан. Сонымен қатар:
- АҚШ-тан – 11,6 млрд доллар;
- Франциядан – 11,05 млрд доллар;
- Бермуд аралдарынан 9,4 млрд доллар қарыз алған.
Сырттан тартылған борыштың басым бөлігі тау-кен өнеркәсібі үлесінде. Бұл салаға 79,4 млрд доллар құйылған. Сонымен қатар қаржы және сақтандыру саласындағы борыштың өскен байқалады. Шет мемлекеттен тартылған борыштың 21,1 млрд доллары қаржы және сақтандыру саласына жұмсалған.
Қазақстан үкіметі елдің срытқы борышы заңмен бекітілген шектен асқан жоқ деп тұжырымдайды. Бұған дейін Қаржы министрі Мәди Такиев Қазақстанның сыртқы қарызы жалпы ішкі өнімге шаққанда 23%-ды құрайтынын айтқан.