Жаңа жыл басталғалы теңгенің долларға шаққандағы бағамы қалай өзгерді?
Жаңа жылдан бері доллар-теңге бағамы біршама құбылды. Kase-дегі мәліметтерге сәйкес, теңге 6 қаңтар күні біршама әлсіреп, 1 доллар шамамен 528 теңге төңірегінде болған.
Жаңа жылдан кейінгі алғашқы жұмыс күні доллар бағамы 526,30 теңгені құрады. Ал келесі күні, 6 қаңтардағы сессияда доллар бағамы бірден көтеріліп, 526,47 теңге болды. Бұл күнгі саудада ең соңғы транзакция 528,47 теңгемен жүргізілген.
8 қаңтар күнгі саудада доллар арзандап, теңге нығая түскен. Kase деректеріне сәйкес, ол күні доллар бағамы 527,14 теңге деңгейінде болған.
9 қаңтар күнгі сауда-саттықта доллар-теңге бағамы тағы құбылып, 524,9 теңгені құрады.
Ал 10 қаңтар күнгі сауда-саттықта доллар-теңге бағамы 526,88 теңгені құрады. Доллар бұл күнгі саудада 1,98 теңгеге қымбатқа сатылған.