Global FirePower-2025 халықаралық рейтингі әлемдегі елдердің әскери күш тізімін жаңартты. Нәтижесінде Қазақстан әскері 58-орыннан 57-орынға жылжыды.
GFP рейтингіне 145 әлемдік держава кірген. 60 жуық түрлі көрсеткіштер, соның ішінде әскери бөлімдердің саны, қаржы, логистика және географиялық жағдайда ескеріледі. Нәтижесінде негізгі көрсеткіштер бойынша Қазақстан реактивті жүйесінің көлемі бойынша әлемде 17-орынға ие болды (407 бірлік техника бар). Сондай-ақ, әскер артиллериялық күш жағынан 21-орында тұр.
Орталық Азия елдері арасында Қазақстанда алда тұр, 57-орын. Ал Өзбекстан – 58, Түрікменстан — 77, Қырғызстан — 105, Тәжікстан — 108 орынға жайғасқан.
Әдеттегідей рейтингтің көшбасшысы әскериі бюджеті 800 млрд доллардан асатын АҚШ болды. Ядролық әлеуеті жағынан Ресей сес көрсетіп тұрса, Қытай әскер саны мен теңіз қарулы күштерінің басымдығын көрсетті.