TikTok-тың АҚШ-тағы үлесін Илон Маск сатып алуы мүмкін – Bloomberg

Жарияланды 14 Қаңтар 2025 11:31

Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

General News бөлімінің редакторы a.tolendi@kursiv.media
TikTok-тің АҚШ-тағы үлесін Илон Маск сатып алуы мүмкін - Bloomberg
TikTok-тың АҚШ-тағы үлесін Илон Маск сатып алуы мүмкін – Bloomberg / Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қытайлық TikTok әлеуметтік желісінің АҚШ-тағы үлесін әлемдегі ең бай адам Илон Маск сатып алуы мүмкін. Мұны Bloomberg басылымы анықтаған.

Қазір АҚШ Жоғарғы Соты желіге иелік ететін қытайлық ByteDance компаниясына талаптар қойып, 19 қаңтарға дейін АҚШ-тағы TikTok қызметін тоқтатуды талап еткен. 19 қаңтардан кейін АҚШ-тағы TikTok қызметін қолдаған провайдерлерге айыппұл салына бастайды.

Қытай шенеуніктері TikTok-тың ByteDance меншігінде қалуын қалайды. Алайда АҚШ-та шектеу басталса, оның үлесін сатуды көздеп отыр. Оны дәл Илон Масктің сатып алғанын қалайды.

Қытайдың жоғары лауазымды шенеуніктері Дональд Трамп әкімшілігімен жұмыс істеу жоспарын қарастырып, ондағы Масктің рөліне мән беріп отыр. Бейжіңде талқыланған жоспардың біріне сәйкес, желінің америкалық қызметін Маскке тиесілі X әлеуметтік желісі сатып алуы тиіс.

Айта кетейік, осыған дейін АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамп Жоғарғы соттан TikTok-қа тыйым салуды кейінге қалдыруды сұраған.

АҚШ-тағы TikTok аудиториясы – 170 миллион адамнан асады. Желінің АҚШ-тағы бөлімшесінің құны 40-50 миллиард долларға жетуі мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыз