Жаңалықтар

Ресей СІМ-і: АҚШ Украинаны «Түркия ағымын» істен шығаруға айдап салып отыр

Лавров: АҚШ «Түркия ағымын» істен шығаруға тырысып жатыр / Фото: коллаж KursivMedia, бильд-редактор Ахтам Зиперов

АҚШ Украинаны «Түркия ағымын» істен шығаруға бағыттап отыр. Энергетикалық инфрақұрылымға қарсы осындай террористік актілерді қолдап, бәсекелестікті жоймақшы. Бұл туралы баспасөз конференциясында Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров мәлімдеді.

«Менің ойымша, Америкаға ешбір облыста бәсекелес керек емес. Олар Еуропалық Одақтың энергетикалық игілігі негізінің күл-талқанын шығаратын террористік шаралардың орындалуына рұқсат береді. Қазір «Солтүстік ағымның» артынан «Түркия ағымын» істен шығару үшін украиналық клиенттерін айдап салып отыр», – деді Сергей Лавров ресейлік дипломатияның 2024 жылдағы жұмысын қорытындылауға арналған жиында.

Осыған дейін Украина Ресейдің бірнеше қаласындағы өндірістік орындарға зымыранмен, дронмен соққы жасағаны хабарланған еді. 13 қаңтардың кешінде Украина Қарулы Күштері Брянск облысы Сельцо қаласындағы Брянск химия зауытына зымыранмен соққы жасаған.

Ал оның алдында Ресейдің Қорғаныс министрі 11 қаңтарда украиналық әскер «Русская» бекетіне соққы жасауға тырысқанын хабарлады. Ол бекет – «Түркия ағымы» құбырына газ жеткізілуін қамтамасыз ететін пунктің бірі.

«Түркия ағымы» – Ресейдің ірі газ қорлары мен Түркияны байланыстыратын газ тасымалдау жүйесі. Осы жүйе арқылы Түркия, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Еуропаға көгілдір отын жеткізіліп отыр.

«Түркия ағымы» құбырларымен газ жеткізу 2020 жылдың қаңтарында басталды. Сол кезде 13,51 шаршы млрд отын жеткізілді деп хабарланды. 2030 жылға дейін бұл жүйе арқылы 327 шаршы млрд газ импортталуы керек.