2024 жылы қатарлық инвесторға сатылған Bereke Bank-тің ресми атауы өзгерді
Bereke Bank-тің жалғыз акционері – Lesha Bank қаржы ұйымының атауын өзгерту туралы шешім шығарды. Енді банк толық атауы – Bereke Bank АҚ (Lesha Bank LLC (Public) еншілес банкі). Бұл туралы Қазақстан қор биржасындағы хабарламада жазылған.
Қаржы ұйымының жалғыз акционері банктін атауын өзгерту туралы шешімді 2025 жылдың 9 қаңтарында шығарған. Сонымен қатар, ұйым жарғысы мен басқару кодексін өзгертіп, қайта тіркетпек. Банкке аудит жүргізетін компанияны да анықтаған.
Биыл қазанда «Бәйтерек» холдингі қаржы ұйымын қатарлық инвестор – Lesha Bank LLC-ге сатты. Банкті жаңа акционері 65 млрд теңгеге сатып алды.
«Сбербанктің» Қазақстандағы еншілес ұйымы 2022 жылдың наурыз айында АҚШ санкцияларына іліккен. Ал 2022 жылдың қыркүйегінде Ресей Сбербанкі еншілес ұйымын «Байтерек» ұлттық холдингіне сатты. Осы мәміледен кейін қаржы ұйымы атауын Bereke Bank деп өзгертті. OFAC 2023 жылдың наурызында Bereke Bank-ті санция салынған тұлғалар тізімінен (SDN) және салалық санкциялар тізімінен (SSI) алып тастады.