Трамптың инаугурациясына Қазақстан атынан республиканың АҚШ-тағы елшісі қатысады
Жарияланды
(жаңартылды )

АҚШ-тың жаңа президенті Дональд Трамптың инаугурациясына Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Ержан Ашықбаев қатысатын болды. Ақпаратты СІМ баспасөз қызметі растады.
Ержан Ашықбаев Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі қызметін 2021 жылдан бері атқарып келеді. Ол 2022 жылы АҚШ-тың 46-президенті Джо Байденмен кездескен.
АҚШ-тың 47-президенті Дональд Трамптың инаугурациясы алдағы дүйсенбі, 2025 жылғы 20 қаңтарда өтеді.
Дональд Трамп АҚШ президенті қызметіне екінші рет кіріседі. Сонымен қатар салтанатты жиында жаңа вице-президент Джеймс Дэвид Вэнс те ант қабылдайды.