Криштиану Роналду “Аль-Наср” футбол клубының 5% үлесіне ие болады

Жарияланды 16 Қаңтар 2025 12:36

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com

Әлемге әйгілі португалиялық футболшы Криштиану Роналду Сауд Арабиясының «Аль-Наср» клубының бес пайыздық үлесіне ие болады. Бұл туралы Marca басылымы хабарлады.

Жаңа келісімшартқа сәйкес, Роналду бір маусымда 183 миллион еуро (98 млрд теңге) көлемінде жалақы алады. Бұл футболшылар арасындағы ең жоғары айлық болмақ.

39 жастағы шабуылшы Сауд Арабиясы чемпионатында өз мансабын жалғастыруға келісті. Жаңа келісімшарт бойынша, португалиялық ойыншы 2026 жылға дейін «Аль-Наср» сапында өнер көрсетеді.

27 желтоқсанда Роналду Globe Soccer Awards сыйлығы аясында «Футбол тарихында үздік сұрмерген» марапатына ие болған. Мансабындағы голдарының саны футбол тарихындағы ең үздік көрсеткіштердің бірі болып есептелді.

Сондай-ақ оқыңыз