Қазақстан қор нарығындағы долларды бейрезиденттер сатып алып жатыр ма?

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фото: kursiv.media

Қазақстанның валюта нарығындағы бейрезиденттердің үлесі 5%-дан аспайды. Кейінгі бірнеше жылда бұл көрсеткіш өзгермеген. Бұл тураkы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов брифинг барысында мәлімдеді.

Баймағамбетов кейінгі айларда бейрезиденттердің долларды теңгеге сатып алуы артқанын жоққа шығармайды. Оның айтуынша, бұл қалыпты жағдай.

«Соңғы айларда біз резидент еместердің теңгеге шетел валютасын сатып алу үрдісінің бар екенін байқадық. Теңге олардың қолына түрлі жолмен түсуі мүмкін, бұл негізінен қалыпты жағдай. Мысалы, экспорттық тауарлар ұлттық валютаға сатылса, теңгеге ие болады», – деп атап өтті Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов.

Алайда шетелік компаниялардың долларды сатып алу ережелерін айналып өтуіне жол бермес үшін Ұлттық банк бейрезиденттердің валюталық операцияларына қаржылық бақылауды күшейтпек.

Бас банктің арнайы қаулы жобасы 15 қаңтарда жарияланды. Соған сәйкес, бейрезиденттер қаржы деректерін көрсетіп, ақшаның қайнар көзін дәлелдеуі қажет. Ұлттық банк осылайша валюта нарығындағы алыпсатарлық пен заңнаманы айналып өткісі келетіндердің жолын кеспек.

Сондай-ақ оқыңыз