Жаңалықтар

«ҚазМұнайГаз» Астанада құны 7 млрд теңгелік мұнай базасын салмақшы

ҚазМұнайГаз
«ҚазМұнайГаз» отын құю кешені мен мұнай базасын салмақшы / Фото: ҚМГ баспасөз қызметі

«ҚазМұнайГаз» Астанада мұнай базасын салмақшы. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі жазады.

«ASTANA JET FUEL HUB» деп аталатын жаңа жобаның құны 7 млрд теңге деп бағаланып отыр, басқа қосымша деректер берілмеген.

Бұдан бөлек компания Астана әуежайында құны 2,5 млрд теңгені құрайтын жанармай құю кешенін, ал Ақтөбеде 5 млрд теңгеге отын құю кешенін салмақшы. Ал 0,5 млрд теңгеге жаңа жанармай құю машиналарын сатып алуды жоспарлап отыр.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен жылы «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС 282 мың тоннадан астам мұнай өнімдерін өткізген. Оның ішінде 206,3 мың тоннадан астамы әуе отыны, 10,4 мың тоннадан астамы жанармай, 40 мың тоннаға жуығы дизель және 25,67 мың тоннадан астамы мазут.

«ҚазМұнайГаз-Аэро» – «ҚазМұнайГаз» ҰК-ның еншілес ұйымы, 2010 жылы негізі қаланған. 2024 жылы ел бюджетіне 1,5 млрд теңге, 2023 жылы 2,9 млрд теңге салық төлеген.