Қазақстан мен Ресей бірлесіп агробиотехнопарк құрмақ
Қазақстан мен Ресей бірлесіп агробиотехнопарк құруға ниетті. Бұл жоба екі елдің агроөнеркәсіп кешені саласындағы ынтымақтастығын дамыту мақсатында қолға алынбақ. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлайды.
17 қазанда Россельхознадзор Қазақстаннан келетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің бірқатарынан қауіпті ауру табылды деген желеумен уақытша шектеу енгізген. Шектеуге Қазақстанда өндірілген бидай, жасымық, зығыр тұқымы мен қауын, сондай-ақ үшінші елдерден әкелінетін қызанақ пен бұрыш енді. 17 қаңтардан Ресей Қазақстанның 36 кәсіпорнынан қызанақ әкелуге шектеуді алып тастаған. Мәлімдемеде тараптар екі ел арасындағы тауар айналымының оң динамикасын сақтау үшін өзара шектеулерді жою туралы жұмысты жалғастырмақ.
2024 жылдың 11 айында АӨК өнімдерінің өзара тауар айналымы жылдық есепте 1,5%-ға өсіп, 3,4 млрд долларды құрады.
«Қазақстандық өнімдердің Ресейге экспорты жыл сайын артып келеді. 2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша экспорт 502,9 млн долларды құрады. Біз ресейлік нарықта ауыл шаруашылығы өнімдеріміздің үлесін арттыруға мүдделіміз және барлық бағыттар бойынша жұмысты күшейтуге дайынбыз», – деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров.
Агробиотехнопарк – бұл ауыл шаруашылығының тиімділігі мен экологиялық тазалығын арттыру үшін заманауи агро және биотехнологияларды әзірлеп, енгізетін инновациялық орталық.