Банк пен қаржы

Алматы қаласының аудандарына дербестік беру үрдісі қалай жүруде?

Фото: shutterstock.

Алматы қаласының бюджеті жылдан-жылға артып келеді. 2020 жылы Алматының жылдық бюджеті 868 млрд теңге болса, 2022 жылы алғашқы триллиондық бюджет қалыптасып 1,1 трлн теңгеге жеткен. Жақында қала мәслихаттарымен бекітілген шаһар бюджеті 2,1 трлн теңгеден асты. 2022 жылмен салыстырғанда бұл 1,9 есеге көп.

Бюджет дербестігі: 8 ауданның жеке бюджет қағидасы

Алматы қаласында 2023 жылдан бастап мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру үдерісі белсенді түрде жүзеге асырылып келеді. Аудандарға бюджеттік дербестік беру 2022 жылы Алматы қаласына тиесілі 8 ауданға 51,6 млрд теңге бөлді. 2023 жылы аудан бюджеттері айтарлықтай өсіп, 73,5 млрд теңгеге жеткен. Былтыр аудандарға 295 млрд теңге бөлген. Осылайша Алматы қаласы аудандарының бюджеті айтарлықтай өсіп келеді.

2023 жылдың 1 сәуірінен бастап қалалық деңгейден аудандық деңгейге 15 функция берілді, оның ішінде жолдарды ағымдағы жөндеу, инженерлік желілерді салу және жаңғырту, халықтың әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсету, қосымша және мектепке дейінгі білім беруді жан басына шаққандағы қаржыландыру сияқты міндеттер бар

Атап айтқанда, аудан әкімдіктеріне берілген 15 функция мынадай:

  1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, оның ішінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету.
  2. Спорт секцияларын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды іске асыру.
  3. Автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу.
  4. Тұрғын үй көмегі.
  5. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек.
  6. Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету.
  7. Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру.
  8. Белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды әлеуметтік бейімдеу.
  9. Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыру.
  10. Мүгедектігі бар балаларды қоса алғанда, қарттар мен мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қамсыздандыру.
  11. Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету.
  12. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек.
  13. Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы өзге де қызметтерді іске асыру, оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру.
  14. Коммуналдық меншіктегі сумен жабдықтау, кәріз, кәріз сорғы станцияларының тарату желілерін, газбен жабдықтау және жарықтандыруды жобалау, салу, реконструкциялау, күрделі жөндеу және модернизациялау.
  15. Тұрғын үй қорын инвентаризациялау.

Алматы қаласы аудандарын децентрализациялау

Алматы қаласының аудандарын децентрализациялау (деорталықтандыру) процесі қаладағы басқару жүйесін тиімдірек ету және жергілікті тұрғындардың өмір сапасын арттыру мақсатында жүзеге асырылуы мүмкін шараларды қамтиды. Бұл процесс бірнеше негізгі бағыттарда жүзеге асырылады:

1. Басқару өкілеттіктерін беру

Аудан әкімдіктерінің өкілеттіктерін кеңейту. Бұл әкімдіктерге бюджеттік дербестік беру арқылы қаржылық тәуелсіздікті арттыруға және жергілікті мәселелерді дербес шешуге арналған ресурстар мен мүмкіндіктер береді.

2. Инфрақұрылымдық жобаларды басқару

Әр ауданда тұрғындардың сұраныстарына сәйкес жеке инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру.

Аудан деңгейінде қоғамдық көлік, жолдар, су және электр желілері, денсаулық сақтау, білім беру сияқты негізгі қызметтерді жақсарту.

3. Қоғамдық қатысу мен есеп беру

Жергілікті қауымдастықтардың аудандық басқару шешімдеріне қатысуын қамтамасыз ету.

Ашықтықты арттыру мақсатында қоғамдық тыңдаулар өткізу және әр аудандағы әкімшілік қызмет туралы тұрақты есеп беру.

4. Қалалық қызметтерді оңтайландыру

Әр ауданның өзіндік ерекшеліктеріне сай қызмет көрсетуді ұйымдастыру. Бір терезе қағидаты бойынша аудандық әкімшіліктерде қызмет көрсету орталықтарын құру.

5. Экономикалық дамуды қолдау

Аудандық деңгейдегі шағын және орта бизнесті қолдау. Сондай-ақ жергілікті кәсіпкерлерге жеңілдіктер беру арқылы экономиканы әртараптандыру.

Бұл шаралар аудан дербестігіне және қаладағы халық санының көптігіне байланысты мәселелерді аудандық деңгейде тиімдірек шешу. Тұрғындардың қажеттіліктеріне жедел жауап беру арқылы қалалық қызметтердің сапасының артуына алып келері сөзсіз. Сонымен қатар  халық пен билік арасындағы сенім деңгейінің жоғарылауы артады.

Өткен жылдың қарашасында Алматы әкімдігі 2024-2026 жылдарға арналған бюджет жоспарына өзгеріс енгізетіні айтылды. Қорғаныс саласы мен білімге, денсаулыққа кететін бюджет шығынын қысқарту көзделген.