Jusan Bank «Қазақтелекомдағы» өз үлесін сатып жіберді

Жарияланды
Jusan Bank «Қазақтелеком» акцияларын сатып жіберді \ Фото: коллаж KursivMedia, бильд-редактор Ахтам Зиперов

First Heartland Jusan Bank (Jusan Bank) 2024 жылдың төртінші тоқсанында «Қазақтелекомның» өзіне тиесілі 8,1% акциясын толық сатып жіберді. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі нақтылады.

«Қазақтелекомның» жаңа акционері кім?

Компания мәліметінше, акцияның жаңа иелерінің банкке еш қатысы жоқ. KASE-дегі ақпаратқа сенсек, Jusan Bank-тің орнын басқан «Қазақтелекомның» жаңа акционері – Telecom Systems LTD.

Ашық деректердегі мәлімет бойынша, Telecom Systems 2024 жылы маусымда тіркелген. Құрылтайшысы – кәсіпкер Нұрлан Артықбаев. Qazaq Stroy құрылыс компаниясы, «Qazaq Kalium Ltd» кәсіпорны да Артықбаевқа тиесілі.

Атап өтетін нәрсе, Qazaq Kalium – Үкімет 17 трлн бөлген мегажобалардың қатысушысы.
Кәсіпорын Батыс Қазақстан облысында калий тұздарын өндіретін байыту-өндірістік кешені құрылысымен айналысады, 3,25 млрд доллар инвестицияға жауапты.

«Қазақтелеком» акцияларын Артықбаевтың компаниясына қаншаға сатқанын банк хабарламады.

Бұл жағдайдан кейін «Қазақтелеком» акционерлері – «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры (71,32%) және Telecom Systems LTD (8,1%) болды.

Осы аптада қор биржасында «Қазақтелекомның» артықшылыққа ие акциялары 33,1%-ға арзандады. Кейінірек жағдай қалпына келіп, бағалы қағаздар құны 50%-ға өсті.

Сондай-ақ оқыңыз