Елдің басым бөлігінде аяз – сенбі күнгі ауа райы болжамы

Синоптиктер сенбі, 25 қаңтар күні елдің басым бөлігінде аяз бен тұман күтіледі деп болжап отыр.
«Қазгидрометтің» мәліметінше, Скандинавия аймақтарынан келген антициклон Қазақстан аумағы арқылы жылжуын жалғастырып, негізінен жауын-шашынсыз аязды ауа райын қалыптастырады. Республика аумағында тұман күтіледі, солтүстік-батыста, оңтүстікте және шығыста желдің күшеюі, оңтүстік пен солтүстік-батыста бұрқасын, ал оңтүстік-батыста көктайғақ болады деп болжанып отыр.
Синоптиктер аймақтар бойынша төмендегідей болжамдарын ұсынады:
Астанада күн көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстіктен соққан желдің жылдамдығы 5-10 м/с. Ауа температурасы -14-16.
Алматыда да ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Таңертең тұман. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 2-7 м/с. Ауа температура -3-5.
Шымкентте жауын-шашынсыз. Шығыстан соққан жел 5-10 м/с. Күндіз +7+9.
Ақмола облысы: жауын-шашынсыз. Ауа температурасы -12-17.
Ұлытау облысы: күн ашық, ауа температурасы -11-16 аралығында болады.
Қарағанды облысында да жауын-шашын жаумайды. Күндіз -12-17 аяз.
Батыс Қазақстан облысында түнде қар жауады. Күндіз -7-12 суық.
Атырау облысында да түнде батыста қар жауып, тұман түседі. Ауа температурасы 0-5.
Маңғыстау облысында батыста және оңтүстікте жауын-шашын (негізінен қар), көктайғақ. Батыс пен солтүстікте тұман. Күндіз +2+7 жылы.
Ақтөбе облысы: жауын-шашынсыз. Мұғалжар ауданында бұрқасын. Ауа температурасы -7-12.
Қостанай облысында жауын-шашынсыз, оңтүстікте тұман күтіледі. Күндіз -12-17 аяз.
Солтүстік Қазақстан облысында күн ашық. Ауа температурасы -12-17.
Павлодар облысы: жауын-шашынсыз. Күндіз -12-17 суық.
Абай облысында да күн ашық. Облыстың шығыс пен оңтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз -12-17 аяз.
Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз. Солтүстік пен шығыста тұман. Ауа температурасы -15-20 аралығында.
Қызылорда облысы: жауын-шашынсыз. Күндіз -4-9 суық.
Түркістан облысы: жауын-шашынсыз. Солтүстікте, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда бұрқасын болады деп күтіліп отыр. Батыста, оңтүстікте, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда тұман. Күндіз +4+9 жылы.
Жамбыл облысы: жауын-шашынсыз. Оңтүстікте, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда тұман. Ауа температурасы -2-7.
Алматы облысы: жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең батыс пен оңтүстікте тұман. -2-7 аралығында суық болады.
Жетісу облысы: жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең шығыс пен таулы және тау бөктеріндегі аудандарда тұман. Ауа температурасы -5-10 аралығында.