Хайнаньдағы демалыстың ерекшелігі және кемшін тұстары

Жарияланды 26 Қаңтар 2025 14:02

(жаңартылды 27 Қаңтар 2025 10:35)
Мира Халина

Мира Халина

Бас редактор m.khalina@kursiv.media
Хайнаньдағы демалыстың ерекшелігі және кемшін тұстары/shutterstock, бильд-редактор: Дастан Шанай

Хайнань – әдемі жағажайлар және сауықтыру мүмкіндіктерімен туристерді тартатын тропикалық арал. Визасыз режим оны қысқы демалыс үшін танымал орынға айналдырды. Алайда туристер жергілікті қызметтің ерекшеліктерін, тілдік кедергіні ескеруі керек. Саяхатты жақсы өткізуге көмектесу үшін қыста Хайнаньда демалудың барлық артықшылығы мен кемшіліктерін айтатын боламыз.

Хайнаньдағы демалыстың артықшылықтарына тоқталсақ

Хайнань Гавайимен бірдей ендікте орналасқандықтан, бұл жердегі климат та жұмсақ тропикалық. Қыста ауа температурасының +22°C-дан төмендеуі сирек кездеседі. Ал жазда ол +30°C шамасында болады.

Екінші, теңізі бен жағажайлар тазалығын айтса болады. Хайнань жағалауындағы Сянхай (Оңтүстік Қытай теңізі) таза суымен және ақ құмды жағажайлармен таңғалдырады. Санья, Ялунвань курорттары (көбінесе Ялунбей шығанағы деп аталады) және Дадунхайдың (әдетте бұл шығанақта орыс тілінде сөйлейтіндер туристер көп тұрады) инфрақұрылымы ең жақсы, сондай-ақ әдемі панорамалық көріністері бар.

Хайнань дәстүрлі қытай медицинасының арқасында медициналық туризммен де танымал. Туристер көбінесе демалысты процедуралармен біріктіреді: акупунктура, массаж және шөп медицинасы. Курорттар денсаулықты қалпына келтірудің бірегей бағдарламаларын ұсынады.

Хайнаньды тартымды ете түсетін тағы бір тұсы – экзотикалық табиғаты. «Орман аралы» ұлттық саябағы мен Наньшань жанартауының кратері міндетті түрде баруға тұратын жер. Сонымен қатар әлемнің басқа жерлерінде кездеспейтін өсімдіктер мен жануарлардың сирек түрлерін көруге болады.

Қазақстан азаматтары үшін 2023 жылдан бастап визасыз режим қолданылады. Бұл сапарды ұйымдастыруды жеңілдетіп, ыңғайлы етеді.

Демалыс кезінде картамен және Kaspi қосымшасы арқылы төлем жасауға болады. Бұл демалысты ыңғайлы етеді және сатып алудан ақша табуға мүмкіндік береді. Мысалы, Freedom қолданбасы тіпті шетелде сауда жасаған үшін тамаша кэшбектер береді.  

Дүкен аралап, сауда жасайтындар үшін TAX FREE-ді тап сауда-ойын сауық орталығында рәсімдеу мүмкіндігі қарастырылған. Айтпақшы, тағы бір ескерер жайт, сауда арзан болуы үшін-күннің бірінші жартысында сауда орталығына барған дұрыс. Себебі түстен кейін сатушылар кешкі жағажайдан кейін туристер СОО-да бос уақыттарын өткізетінін пайдаланып, бағаны екі-үш есе арттырады.

Хайнаньдағы демалыстың жақсы тұстарымен қатар, кемшіліктері де жоқ емес

Көптеген турист үшін басты мәселе-ағылшын тілінде сөйлейтін қызметкерлердің жетіспеушілігі. Тіпті үлкен қонақүйлерде ағылшын немесе басқа тілдерде сөйлесу қиын болуы мүмкін. Аудармашыны пайдалану ұсынылады. Жалға алуға болатын қонақүй гидтерінің аудармашылары бар.

Қытай тағамдарының ерекшеліктерін де осы қатардан табылады. Жергілікті тағамдар әртүрлі болғанымен, қазақстандықтар үшін ерекше болуы мүмкін. Мысалы, тағамға дәмдеуіштер көп қосылады немесе ерекше дәмі бар (бақалар, жыландар) тағамды ұсынады. Еуропалық тағамдарды ұнататындар мейрамханаларды іздеуі керек болады. Тағамға ащы дәмдеуіштер қоспауды ескерту өте маңызды, әйтпесе аш қалуыңыз мүмкін. Тамақтану орташа есеппен 70-тен 150 юань болады. Сондай-ақ көшедегі тағамның қауіпті екенін естен шығармаған абзал.

Жыл бойы ауа райы жылы болатынына қарамастан, мамырдан қыркүйекке дейін тайфундар мен қатты жаңбыр болуы мүмкін. Ең тиімді сапарлайтын уақыт— қарашадан наурызға дейін. Яғни қыста да, жазда да шомылуға болады, бірақ қатты ыстық пен жылы суды ұнататындар үшін қыста келіп керек емес.  

Хайнаньды бюджеттік бағыт деп айтуға келмес. Жақсы қонақүйлердің баға деңгейі орташадан жоғары, ал қызмет көрсету сапасы кейде әлемдік стандарттардан төмен. Туристік агенттіктердің ақпараттық бюллетеньдеріне жазылу немесе қонақүйлерді өзіңіз брондаған дұрыс болады. Сондай – ақ Хайнань ОЛИНКЛЮЗИВТІ емес екенін есте ұстаған жөн. Кафелер мен мейрамханалар әдетте қонақүй аумағында немесе жақын жерде  орналасқан.       

Демалушылар көп келетін кезде, әсіресе, Қытай күнтізбесі бойынша жаңа жылда жағажайлар мен көрікті жерлер туристерге толып кетеді. 

Сонымен қатар қандай қонақүйді таңдасаңыз да, қызмет көрсету мен сервис ортанқол.

Хайнандағы демалыс кімдерге ұнауы мүмкін

Хайнань жағажай демалысын сауықтыру тәжірибесімен үйлестіруді іздейтіндер үшін өте қолайлы. Табиғат пен тыныштықта демалғанды ұнататындар аралда көптеген қызықты нәрселерді таба алады. Дегенмен қызмет көрсетудің жоғары еуропалық деңгейіне және ойын-сауықтың алуан түрлілігіне үйренгендерге бар нәрсені місе тұтуға тура келеді.

Сондай-ақ оқыңыз