Халық айырбастау пункттерінен доллар сатып алуды азайтқан
Желтоқсан айында қазақстандықтардың долларға деген сұранысы қатты төмендеп кетті. Ұлттық банктің ресми дерегі бойынша, желтоқсанда айырбастау пункттері 176 млрд теңгеге доллар сатқан. Ал қараша айында бұл көрсеткіш 228 млрд теңгеден асқан еді.
АҚШ валютасына деген сұраныс осылайша бір айда 27%-ға құлдыраған. Ал 2023 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда сұраныс 34,8%-ға төмендеген.
Өңірлер бойынша алсақ, Астана мен Шымкенттің тұрғындары долларды көптеп сатып алған. Алматылықтар 63,7 млрд теңгеге доллар айырбастаса, шымкенттіктер 57,5 млрд теңгеге доллар сатып алған.
Қазақстандықтар қолдағы рублін сатып жатыр
2024 жылдың соңында қазақстандықтар қолдағы рублін жаппай сатқан. Бұл айда айырбастау пункттері халықтан 4,4 млрд теңгеге рубль сатып алған. Салыстырар болсақ, қазан мен қараша айларында халық айырбастау пункттерінен 8,8 млрд және 4,9 млмр теңге рубль сатып алған.
Қараша айында да халықтың рубльге деген сұранысы екі еседей азайған.
Еуроға деген сұраныс та біршама азайған. Қараша айында халық 22,9 млрд теңгеге еуро сатып алса, желтоқсан айында 18,4 млрд теңгеге еуро айырбастаған.