Ресейде ЛГБТ өкілдерінің бірыңғай электрондық базасы құрылуы мүмкін

Жарияланды 27 Қаңтар 2025 15:59

Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

General News бөлімінің редакторы a.tolendi@kursiv.media
Ресейде ЛГБТ өкілдерінің бірыңғай электрондық базасын құруы мүмкін
Ресейде ЛГБТ өкілдерінің бірыңғай электрондық базасын құруы мүмкін / Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Ресей полициясы Жоғарғы соттың «халықаралық ЛГБТ қозғалысын»  «экстремист» деп тану туралы қаулысы күшіне енген сәттен бастап осы топ өкілдерінің есебін жүргізіп келеді. Бұл туралы «Медуза» басылымына «Единая Россия» партиясының өкілі Дмитрий Чукреев айтып берген.

«Барлығының деректері қайта жазылып, бақылауда болады», — деді ол. 

Басылымның жазуынша, 2024 жылдың көктемінде Ресейдің Ішкі істер министрлігі ЛГБТ өкілдерін есепке алу үші ауқымды жүйе іске қосуды жоспарын талқыға салған.

ЛГБТ өкілдерінің базасымен қатар, интим қызмет көрсететін адамдардың да тізімін жасауды қолға алмақ. Бұл базада әкімшілік бұзушылықтар жария болып отырады. Мысалы, «ЛГБТ насихат» үшін айыппұл салынғаны туралы ақпарат шығады. Сондай-ақ басылымның дереккөзі базаның көпшілікке жария етілуі мүмкін екенін де айтқан.

Алайда жоба әлі жүзеге асырылмаған. Басты себеп Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін жобаны іске асыруға ресурстар жетіспеген. Басылым дереккөзінің айтуынша, қазір полиция қызметкерлері аз, салада 60% маман жетіспеушілігі сезіледі.

Ресей Жоғарғы соты 2023 жылдың 30 қарашасында ЛГБТ қозғалысын экстремистік деп танып, оның жұмысына тыйым салған. Осыдан кейін қауіпсіздік қызметкерлері ЛГБТ мекемелерінде жаппай рейд жүргізе бастаған. 

Айта кетейік 2024 жылы маусымда Мәдениет және ақпарат министрлігіне ЛГБТ насихатына тыйым салуды сұрайтын өтініш келіп түскен. БҰҰ-ның Адам құқығы кеңесі Қазақстан билігін петицияны қарамауға шақырған. 

Сондай-ақ оқыңыз