Футболдан Қазақстан құрамасының бапкері Станислав Черчесов қызметінен кетті. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы хабарлады. Федерацияның мәлімдеуінше, екі тарап келісім бойынша еңбек шартын тоқтатқан.
Станислав Черчесов Қазақстан құрамасының тізгінін 2024 жылдың маусымында алған болатын. Оның басшылығымен ұлттық құрама УЕФА Ұлттар лигасында 6 ойын өткізіп, Норвегия құрамасымен тең түскен және турнир кестесінде 1 ұпай жинаған.
Бапкерлер құрамы да қызметінен кетті
Бас бапкермен бірге ұлттық құраманың барлық бапкерлер штабы да қызметінен кететіні белгілі болды. ҚФФ мәлімдемесінде:
«Қазақстан футбол федерациясы Станислав Саламұлына және оның командасына атқарған еңбектері үшін алғыс білдіріп, болашақтағы мансабына табыс тілейді!», – деп атап өтілген.
Қазіргі таңда ұлттық құраманың жаңа бас бапкері қызметіне үміткерлер қарастырылып жатқаны хабарланды.
Айта кетейік, 2022 жылдың ақпанынан бері ҚФФ президенті қызметін атқарған Әділет Барменқұлов 2024 жылдың қараша айында өз еркімен қызметінен кеткен еді. Дәл осы Барменқұлов ресейлік Станислав Черчесовті ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне шақырған.
Бұдан бөлек Черчесов қазақ тіліне қатысты бірнеше рет дауға қалған еді.