Жаңалықтар

Шерзаттың әпкесінің ісі не болып жатыр: Бас прокурордың орынбасары пікір білдірді

Фото: Instagram, meirman_shekeyev_halyq_zangeri

Мәжілісте журналистер Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиевтен төбелес кезінде қаза тапқан Шерзат Полаттың әпкесінің өзін елде қалдыру туралы арызы не болып жатқанын сұрады.

Ғалымжан Қойгелдиев Бақыт Реймова өзін елден шығармау туралы өтінішпен Жоғарғы сотқа жүгінгенін растады.

«Менің білуімше, ол Жоғарғы сотқа жүгінген. Оның өтініші қарастыру кезеңінде», – деп қысқа қайырды ол.

Журналистердің «демек қазір ол Қазақстанда ма» деген сауалына «иә, Қазақстанда» деп жауап берді.

Реймованың ісі

Бұған дейін құқыққорғаушы Мейірман Шекеев Жоғарғы сотқа қорғауындағы Бақыт Реймованы елден шығармау туралы өтініш жолдағанын мәлім еткен.

Бақыт Реймова інісі Нұрғанат Ғайыпбаевтың жерлеу рәсімінен кейін ұсталып, 15 күнге қамауға алынып, өзге елдің азаматы болғандықтан, сот шешімімен Қазақстаннан шығарылуы керек болған. Осыдан кейін кәмелеттік жасқа толмаған жалғыз ұлы Мейірбек Реймов асыраушысыз қалуы мүмкін екенін айтып, үндеу жолдаған