Қарлы боран және қалың тұман – 29 қаңтарға ауа райы болжамы

Жарияланды 29 Қаңтар 2025 08:33

Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

General News бөлімінің редакторы a.tolendi@kursiv.media
Ауа райы бүгін
Қарлы боран және қалың тұман – 29 қаңтарға ауа райы болжамы / Фото: shutterstock

29 қаңтарда батыс аймақтан келіп жатқан циклон әсерінен және атмосфералық фронттардың өзгеруінен елдің басым бөлігінде қар жауады деп күтілуде. Бұл туралы «Қазгидромет» болжамында жазылған.

Синоптиктер болжамына сүйенсек, елдің оңтүстік-шығысы мен солтүстігінде қар жауады. Қар солтүстік аймақтарда күндіз басталса, орталық пен оңтүстік-шығыста кешкі уақытта жауады деп болжанған. Қазақстанның батысы мен оңтүстік-батысына қар түспейді және ауа райы тұрақты болады.

Ел аумағы бойынша баяу желдің әсерінен қалың тұман әлі де жалғасып, жолдарда көктайғақ болады. Сондықтан автокөлікпен ұзақ сапарға шығу жоспарын кейінге қалдыру ұсынылады.

Астанада күн бұлтты, қар жауады, көктайғақ, боран, түнде температура −8 –10 °C, күндіз -1 -3 °C.

Алматыда көшпелі бұлт, жауын−шашынсыз, түнде температура –5 -7 °C, күндіз -0 +2 °C.

Шымкентте көшпелі бұлт, қар жауады, көктайғақ, тұман, түнде температура −3 –5 °C, күндіз -0 +2 °C.

Сондай-ақ оқыңыз