Lifestyle

30-31 қаңтарда Алматыда кептеліс болады

30-31 қаңтарда Алматыда кептеліс болады
30-31 қаңтарда Алматыда кептеліс болады / Фото: shutterstock

30 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Алматы қаласында халықаралық форум өтеді. Осының салдарынан көлік кептелісі пайда болуы мүмкін.

Кептеліс себебі

30 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Алматыда дәстүрлі Digital Almaty форумы өтеді. Оған бірнеше елдің премьер-министрлері мен цифрлық даму министрлері келуі тиіс. Қазіргі ақпарат бойынша шараға Ресей премьері Михаил Мишустин мен Қазақстан премьері Олжас Бектенов келеді. Бұған қоса, форумда Қазақстан және БАӘ цифрлық даму министрлері болатыны белгілі.

Шараға танымал шетелдік қонақтардан Арсенал футбол клубымен мен Англия футбол командасының бұрынғы капитаны Саул Кэмпбелл, Стэнфорд университетінің техникалық директоры және деканның орынбасары Пол Ким, Oxford Insights компаниясының негізін қалаушы және бас директоры Ричард Стирлинг, Нидерландыдан VEON Group бас директоры Каан Терзиоглу келуі тиіс.

Форум өтетін уақытта бірнеше көшеде жол жабылып, бұл қаладағы қозғалысты қиындататын болады.

Қай көшелер жабылады?

Алматы полиция департаментінің ақпаратына сүйенсек,  30-31 қаңтар күндері Құлжа тракті, Шығыс айналма жол, Майлин, Жароков және Бұқтырма көшелері, Әл-Фараби, Сейфуллин және Достық даңғылдары бойынша жолда ішінара шектеулер болады.

Форум жайлы

Digital Almaty – 2025 форумы «Бірлескен ойлар – үлкен өзгерістер» деген тақырыппен өтеді. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен 200 астам спикер келеді деп күтілуде. Олар жасанды интеллект және электронды үкімет сынды мәселелерді қарастырады.

Шараны Цифрлық даму министрлігі мен Алматы қаласы әкімдігі бірлесіп ұйымдастырады. Форум былтыр да осы тақырыптар аясында өткен болатын. Былтырғы форумда Цифрлық даму экс-министрі Бағдат Мусин қазақстандық жасанды интеллект жасау жоспарын айтқан.