2024 жылы халық пен бизнестің екінші деңгейлі банктерде сақтаған депозит көлемі 42,4 трлн теңгеге жетті. Ұлтттық банк статистикасына сәйкес, депозиттердегі ақша 2,7 трлн теңгеге өскен. Ал бір жылда депозит 7,4 трлн теңгеге көбейді.
Жалпы 42,4 трлн теңгенің ішінде халықтың депозиттері 24,5 трлн теңгені құраса, бизнес депозиттері 17,9 трлн теңгеге жетті.
Halyk Bank көш бастап тұр
Екінші деңгейлі банктердегі депозиттердің төрттен бір бөлігі Halyk Bank-те сақтаулы. Банк балансында 12,5 трлн теңгегі құрайтын депозит бар. Бұл банктегі депозит көлемі бір жылда 17 пайызға өскен. Ал бір айдағы өсім 5,5 пайызды немесе 707 млрд теңгені құрады.
Екінші орында – Kaspi Bank. Қазақстандықтардың бұл банктер ашқан депозиттерінде 6,8 трлн теңге жиналған. Жылдық өсім 22 пайызды құрайды. Қазақстандықтар желтоқсан айында осы банктердегі депозитіне тағы 508 млрд теңге салды.
Үздік үштікті Банк ЦентрКредит түйіндейді. Бұл қаржы ұйымындағы депозитте 5,2 трлн теңге сақталған. Қаржы бір жылда үштен бір есе өсім байқатты. Ал бір айда 367 млрд теңгеге өсті.
Отбасы банктің депозитінде қанша ақша жатыр?
Отбасы банкте ашылған депозиттерде 2,67 трлн теңге жинақталған. Ал ForteBank-тегі депозиттерде 2,91 трлн теңге жатыр. Сонымен қатар, Jusan Bank-тегі депозит көлемі 1,69 трлн теңгені құрайды. Еуразиялық банктің депозиттері 2,24 трлн теңгеге жетті.
Банктердің таза табысы кейінгі 10 жылда 9 есе өсті. 2025 жылы ЕДБ 2,6 трлн теңге таза табыс тапқан.