Еркебұлан Ильясов Ұлттық спорт қауымдастығының президенті болып сайланды

Жарияланды (жаңартылды )
Туризм және спорт министрлігі
Ұлттық спорт қауымдастығының жаңа басшысы сайланды / Фото: Туризм және спорт министрлігі

Ұлттық спорт қауымдастығының кезектен тыс жалпы отырысы өтіп, жаңа басшы тағайындалды. Қауымдастық құрылтайшылары бірауыздан дауыс беріп, Еркебұлан Сайдоллаұлы Ильясов ұйымның жаңа президенті болып сайланды. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі хабарлайды.

Жиында ұлттық спорт қауымдастығының президенті қызметін атқарған Исламбек Салжанов соңғы екі жылдағы атқарылған жұмысы жайында есеп берді. Ал жаңа президент Еркебұлан Сайдоллаұлы 2025 жылға қойылған жоспарымен бөлісті.

«Отырыс барысында Серік Жарасбаев Исламбек Төлеубайұлына ұлттық спорттың дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдіріп, жаңа президент Еркебұлан Сайдоллаұлына сәттілік тіледі. Сонымен қатар, ол барлық федерациялардың ынтымақтастығын нығайтып, ұлттық спорт түрлерін әлемдік деңгейде насихаттау үшін бірлесіп жұмыс істеуге шақырды», – деп жазылған хабарламада.

Еркебұлан Сайдуллаұлы Ильясов – «Alageum Electric» КТ кәсіпорнындағы директорлар кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасы жамбы ату, арқан тартыс федерацияларының президенті. Сондай-ақ «Ұлттық спорт қоры» ұлттық спорт түрлерін қолдау қорының негізін қалаушы әрі құрылтайшы.

Сондай-ақ оқыңыз