«Бешикташ» Зайнутдиновті сату үшін «Реалдан» 5 млн еуро сұрады

Жарияланды 3 Ақпан 2025 16:18

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Бахтиер Зайнутдинов «Реалға» ауыса ма? / фото: архив kursiv.media

Түркияның «Бешикташ» клубы Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдиновтің трансферлік бағасын жария етті.

Timeturk порталының мәліметінше, испандық «Реал Вальядолид» футболшыны жалға алуға қызығушылық танытқан. Алайда түрік клубы ойыншыны тек 5 миллион еуроға (шамамен 2,5 миллиард теңге) сатып алу шартымен ғана жіберуге дайын.

Егер «Вальядолид» бұл соманы төлеуге келіссе, Зайнутдинов клуб тарихындағы ең қымбат трансферлердің бірі атанады. Осы уақытқа дейін Гонсало Плате «Спортингтен» 9 миллион еуроға сатып алынып, рекорд орнатқан еді. Ал Бахтиер бұл клубқа ең қымбатқа түскен екінші ойыншы және бірінші қорғаушы болмақ.

Еске сала кетейік, бұған дейін «Челсиге» ауысқан қазақстандық Дастан Сәтпаев туралы жазған едік. 16 жастағы ойыншыны ағылшын клубы 4,3 млн еуроға сатып алды.

Сондай-ақ оқыңыз