«Сауда соғысы» аясында алтын бағасы жаңа рекордтарды жаңартып жатыр

Жарияланды
Золотые слитки
Алтын бағасы жаңа рекордтарды жаңартып жатыр/Фото: kursiv.media архивінен

Инвесторлар үшін ең сенімді актив саналатын алтын 1,2%-ға қымбаттап, бір унциясы 2830,74 доллар деңгейіне жетті. Бұл – тарихи рекорд.

Мұндай жағдай АҚШ-тың Канада, Мексика және Қытайға қатысты жаңа сауда салығын енгізу туралы мәлімдемесінен кейін орын алды. Алайда бұл рекорд ұзақ сақталмай, алтын бағасы сәл төмендеді.

Bank of Montreal сарапшылары өз клиенттеріне жолдаған жазбасында: «Трамптың тарифтері алтынға қуатты қолдау көрсетеді», – деп атап өтті. Олар АҚШ-тың қатаң сыртқы саясаты инфляцияның күшеюіне және кейбір елдердің долларға тәуелділігін азайтуға әкелуі мүмкін екенін айтты.

«Сауда соғысының» өршуі жағдайында алтын мен жапон иені инвесторлар үшін «тыныш айлақ» рөлін атқарады. Трейдерлер Дональд Трамп саясатының жаһандық экономика мен ақша-несие жүйесіне деген әсерінен қауіптеніп, акциялардан гөрі металл мен валютаға басымдық беріп отыр.

«Егер экономика баяулап, мысалы, автокөлік секторы кенеттен тоқтап қалса, АҚШ-та инфляцияның жаңа толқыны пайда болу қаупі бар. Мұның барлығы алтын бағасының өсуіне ықпал етеді», – деді TD Securities компаниясының шикізат нарығы бойынша ғаламдық жетекшісі Барт Мелек.

Сондай-ақ оқыңыз