Қазақстандық клубтардың чемпионаттарға қатысу жарнасы төмендетіледі

Жарияланды 4 Ақпан 2025 13:36

Меліс Сейдахметов

Меліс Сейдахметов

General news бөлімінің тілшісі m.seidakhmetov@kursiv.media
Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Қазақстан футбол федерациясы шығындарды оңтайландыру бойынша бірқатар шешім қабылданғанын мәлім етті.

Жарна

Федерация соңғы жылдары чемпионаттарға қатысу үшін төленетін жоғары жарна клубтарға қаржылық ауыртпалықты күшейткенін атап өтті.

«Осыған байланысты Қазақстан футбол федерациясы бұл жарналарды 10%-ға төмендету туралы шешім қабылдады. Жарналардың азаюы клубтарға қаржылық қиындықтарға алаңдамай, жарыстарға белсенді қатысуға мүмкіндік береді», – делінген федерация хабарламасында.

Төрешілер мәселесі

Бұған қоса төрешілерді қаржыландыру жүйесіне өзгеріс енгізілді. Оған сай, енді матчтағы төрешілерге кететін шығындарды қабылдаушы клуб өз мойнына алмайды.

«Шығынды Қазақстан футбол федерациясы өз есебінен жабады. Одан бөлек төрешілердің есімдері тек матч күні жарияланады»,- дейді федерациядағылар.

Бұл шешім төрешілерге ойынға дейінгі қысымды азайтып, сыртқы ықпалдан қорғауға бағытталған. Осылайша, арбитрлер өз міндетін барынша объективті әрі тәуелсіз атқара алады.

Бұған дейін, федерация футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері міндетін уақытша Әли Әлиев атқаратынын хабарлаған.

Сондай-ақ оқыңыз