«Әкеге қарап ұл өсер»: Криштиану Роналдуның баласы бір ойында 10 гол соқты

Жарияланды 5 Ақпан 2025 10:59

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Криштиану Роналдуның баласы бір ойында 10 гол соқты / фото: ашық дереккөз

Португалиялық футболшы Криштиану Роналдуның ұлы Сауд Арабиясының «Аль-Наср» клубының 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер командасы сапында бір ойында 10 гол соқты.

Бұл ойын жанкүйерлер арасында үлкен қызығушылық тудырды. Бір матчта осыншама гол соғу – үлкен талант пен шеберліктің көрсеткіші. Көпшілік Криштиану Роналдуның ұлы әкесінің жолын қуып, болашақта әлемдік деңгейдегі футболшыға айналады деп болжап отыр.

Айта кетейік, Криштиану Роналду 2023 жылдың қаңтар айынан бері «Аль-Наср» сапында өнер көрсетіп келеді. Оның клубпен жасаған келісімшарты 2025 жылдың соңына дейін жарамды.

Қазіргі маусымда португалиялық шабуылшы барлық жарыстарда 25 матч өткізіп, 23 гол және 4 нәтижелі пас берді. Ол – бес дүркін «Алтын доп» иегері және футбол тарихындағы ең үздік ойыншылардың бірі.

Сондай-ақ оқыңыз