Миллиардер Сәрсеновке тиесілі «Нұрбанкке» екінші рет айыппұл салынды

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
«Нұрбанк» екінші рет айыппұл арқалады / Фото: kursiv.media

Миллиардер Рашид Сәрсеновтің отбасына тиесілі «Нұрбанкке» екінші рет айыппұл салынды. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің дерегінше, қаржы ұйымы құзырлы органдарға бақыланатын қаржы және басқа да мүліктермен жасалған операциялар туралы мәлімет бермеген.

Банкке 22,1 млн теңге айыппұл салынды. Айыппұлды 3 наурызға дейін төлеуі тиіс.

Қаржы ұйымы қаңтар айында да 14,4 млн теңге айыппұл арқалаған еді. Ол кезде де банк қаржы мониторингіне жататын қаржы және басқа да мүліктермен жасалған операциялар туралы ақпарат тапсырмаған.

Ірі акционері – Сәрсеновтер отбасы JP Finance Group арқылы «Нұрбанктің» 86,42% акциясына иелік етеді. Тағы 5,87% акциясы JA collection company ЖШС-ға тиесілі.

Сондай-ақ оқыңыз