Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері міндетін атқарушы Әли Әлиев журналистермен баспасөз маслихатында өз жалақысы туралы сұраққа жауап берді.
Маған елді таныту құрметі бұйырды, сондықтан Марат Талғатұлы (Омаров) екеуміз жалақы туралы сөйлескен жоқпыз. Қандай жалақы белгілесе, сонымен жұмыс істеймін. Егер берілмесе де, бәрібір жұмыс істей беремін. Себебі 20 миллион халықтың үміті тұрғанда, келісімшарттағы соманы талқылау орынсыз деп санаймын.
Сонымен қатар Әлиев Черчесов жайлы пікір білдірді.
«Станислав Саламовичтің әріптесі ретінде мен оның нәтижелерін қолдадым. Ол Ресей құрамасымен жақсы жетістіктерге жетті, Польша мен Венгрияның чемпионы атанды. Ол өз жұмысында әрдайым тәртіпке баса назар аударатын. Бұл тәртіп командада да байқалды – белгілі бір себептермен Оразов пен басқа да ойыншылар құрамадан шеттетілген кездері болды. Оның Қазақстан құрамасындағы жұмысын жанкүйерлер бағалауы керек. Ал Станислав Саламовичтің жалақысы менің құзыретіме кірмейді, сондықтан оны талқылай алмаймын», – деді Алиев.
Еске сала кетейік, Әли Әлиев ресейлік маман Станислав Черчесов қызметінен кеткеннен кейін, бас бапкердің міндетін атқарушы болып тағайындалған еді.