
Қазақстанда төрт адамнан тұратын, қалада тұратын отбасының ай сайынғы шығыны 900 мыңнан асады. Numbeo порталы респонденттер арасында сауалнама жүргізіп, осындай қорытындыға келген
Портал мамандары бір отбасының басты ай сайынғы шығындары ретінде азық-түлік және транспорттар сомасы жазылған. Одан бөлек балабақша шығыны, спорт секциялары және киім-кешек бағасы да қосылады. Әлбетте, ең көп қаржы пәтерді жалға алуға кетеді.
Жалпы әр адамның орташа айлық шығыны 257 524 теңгені құрайды.
Нәтижесінде 4 адамнан тұратын отбасының бір айлық шығыны 924 мың теңге деп көрсетілген. Қазақстанда өмір сүру құны АҚШ-пен салыстырғанда 58,2%-ға төмен деп жазады Numbeo сарапшылары.
Басқа елдерде өмір сүру деңгейі қандай?
Қызығы, Қазақстандағы өмір сүру құнын Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерімен салыстырғанда да жоғары деп айтуға болады.
- Ресейде өмір сүру 2,6%-ға арзан. Ресейліктердің орташа айлық шығынын теңгеге шаққанда, 250 066 теңге (бір адамға), ал отбасы үшін 872 844 теңге құрайды.
- Беларусьта өмір 6,1%-ға арзан. Бір адамға 237 735 теңге, төрт адамдық отбасыға 848 453 теңге қажет.
- Қырғызстанда өмір сүру құны 4%-ға төмен. Орташа есеппен 232 202 теңге (бір адамға), 841 430 теңге (отбасыға) қажет.
- Арменияда, керісінше, Қазақстанға қарағанда өмір сүру 46,3%-ға қымбат. Бір адамға 376 460 теңге, отбасыға 1 344 616 теңге қажет.
Елімізде өмір сүру деңгейі қымбат деп бағаланғанмен, ресми статистика табысы төмендер саны артты дейді. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 1 млн-нан астам адамның табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз. Олардың баспана мен азық-түлік алуға жұмсайтын шығыны табысынан 2 есеге асып түседі.