Жаңалықтар

Трамптың саясаты қорғаныс активтеріне сұранысты арттырды: алтын бағасы аспандап барады

Трамптың саясатынан алтын бағасы аспандап барады
Трамптың саясатынан алтын бағасы аспандап барады / Фото: shutterstock

Өткен аптада Дональд Трамптың Газа секторында әскери операция жүргізу туралы мәлімдемесінен кейін алтын бағасы тарихи максимумын жаңартты.

Бағалы металл қымбаттады

Bloomberg дерегінше, 2025 жылдың басынан бері бағалы металл 9%-ға қымбаттаған, ал биткойн бар болғаны 3%-ға өсіп, рекордтық деңгейінен әлі де 10%-ға төмен тұр.

Агенттіктің хабарлауынша, биткойн сенімді актив ретінде үмітті ақтамады, ал алтынға деген сұраныс, керісінше, арта береді. Бұған АҚШ пен Қытай арасында тұтануы мүмкін «сауда соғысына» байланысты экономикалық тұрақсыздық қаупінің жоғарылығы әсер етуде. 

Сонымен қатар, криптовалюталар әдетте технологиялық акциялармен қатар қозғалады, ал бұл секторда белгісіздік күшейіп келеді. Бұған Қытайдың DeepSeek чат-ботының дамуы, АҚШ-та осыған ұқсас жобаларға инвестицияның өсуі және олардың қайтарым мерзімінің айқын болмауы себеп.

Дегенмен, биткойнды қолдаушылар цифрлық активке тікелей инвестиция жасайтын биржалық қорлардың (ETF) пайда болуы оның құбылмалылығын біртіндеп төмендетеді деп үміттеніп отыр.