Қазақстан ұлттық құрамасы Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) жаңартылған рейтиңінде бірінші орынға көтерілді.
IBA рейтингінің соңғы жаңартылған нұсқасы бойынша, Қазақстан 81 300 ұпай жинап, әлемдегі ең мықты бокс державасы атанды.
Рейтиң көшбасшылары
1. Қазақстан – 81 300 ұпай
2. Өзбекстан – 76 100 ұпай
3. Үндістан – 34 200 ұпай
Бұл көрсеткіш Қазақстан құрамасының соңғы жылдардағы әлем чемпионаттары мен халықаралық турнирлердегі табысты өнер көрсетуімен тікелей байланысты. Ерлер және әйелдер құрамасы да әлемдік додаларда жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, үздік бокс елдерінің біріне айналды.
Қазақстан боксының жетістіктері
- 2023 жылғы әлем чемпионаты – 4 алтын, 1 күміс, 2 қола
- Азия чемпионаты – 4 алтын, 5 күміс, 1 қола
- Париж Олимпиадасы – 1 күміс, 1 қола
Бұған дейін, Геннадий Головкин 2027 жылы Қазақстанда екінші рет бокстан әлем чемпионаты өтетінін мәлімдеген еді.