«Арамызда Ыстанбұл» фильмі алғашқы аптада 245 млн теңге табыс тапты

Жарияланды 11 Ақпан 2025 15:19

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
«Арамызда Ыстанбұл» фильмі 245 млн теңге табыс тапты / Фото: скрин

Қазақстандық прокаттағы соңғы аптаның ең көп табыс әкелген фильмдері белгілі болды. Ticketon мәліметінше, көш басында «Арамызда Ыстанбұл» фильмі тұр.

Фильмдердің жалпы кассалық түсімі:

  • «Арамызда Ыстанбұл» – 245 847 862 теңге
  • «Кәрі қыз» – 89 225 400 теңге
  • «Арлан: Решающий раунд» – 43 390 399 теңге
  • «Мәди in China» – 40 634 841 теңге

«Арамызда Ыстанбұл» соңғы аптада ең көп қаралған фильмге айналды. Ал алдыңғы аптада алдыңғы орында болған «Кәрі қыз» екінші орынға жайғасты.

«Арлан: Решающий раунд» пен «Мәди in China» фильмдері де көрерменнің қызығушылығын тудырып, үздік төрттікке енді.

Сондай-ақ оқыңыз