![Илон Маск](https://cdn-kz.kursiv.media/wp-content/uploads/2025/02/elon-musk-openai-1024x576.png)
Илон Маск ChatGPT ботының жұмысын бақылайтын коммерциялық емес ұйымды сатып алғысы келеді. Ол үшін 100 млрд доллар беруге дайын деп жазады The Wall Street Journal.
Маск басқаратын инвесторлар консорциумы OpenAI-дың директорлар кеңесіне арнайы ұсыныс жіберді. Олар ChatGPT-ді бақылайтын ұйымды 97,4 млрд долларға сатып алмақшы.
OpenAI басшысы Сэм Альтман Маскке әлеуметтік желіде жауап берді. Ол Х желісінде «Жоқ, рахмет. Бірақ қаласаңыз, біз Twitter-ді 9,74 млрд долларға сатып ала аламыз», – деп жазған.
Маск Twitter-ді 2022 жылы 44 млрд долларға сатып алып, атауын Х деп өзгерткен еді.
Маск пен Open AI-ды не байланыстырады?
Негізі OpenAI-дың негізін қалаушылардың бірі. 2018 жылы компанияның директорлар кеңесінен кеткен. Кейінірек компанияны коммерциализациялауға қарсылығын білдіріп, OpenAI-ды сотқа берді.
Өткен жыл соңында OpenAI арнайы құжат жариялады. Ол жерде Масктің компанияны коммерциализациялауды қолдағаны жазылған. Тек оны бақылауға ала алмаған. Сол үшін де компания кетіп қалған.
Бұған дейін Илон Маск Tik-Tok-ты сатып алмақшы деген қауесет тараған еді. Тіпті Қытай үкіметі әлеуметтік желіні кәсіпкерге сатуды қарастырғаны да хабарланды. Бірақ кейіннен Маск ресми түрде ол желіні сатып алу жоспарында жоқ екенін хабарлады.