Продюсер Нариман Әбиев ұсынған ТОП-5 кітап

Жарияланды 12 Ақпан 2025 19:10

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Нариман Әбиев ұсынған ТОП-5 кітап / фото: shutterstock

Белгілі продюсер Нариман Әбиев өзінің сүйікті кітаптарымен бөлісіп, оқырмандарға рухани және интеллектуалды даму үшін қандай шығармаларды оқуға кеңес беретінін айтты. Оның таңдауы әртүрлі жанрлар мен тақырыптарды қамтиды – тарихи романдардан бастап, мотивациялық еңбектерге дейін.

«Жестокий век» – Исай Калашников

    Бұл кітап Шыңғыс ханның өмірі мен оның тарихи жолына арналған көркем биографиялық роман. Кітапта болашақ қағанның тұлға ретінде қалай қалыптасқаны, ұлы жорықтары, жеңістері мен жеңілістері егжей-тегжейлі баяндалады. Шыңғыс хан туралы оқығысы келетіндер үшін бұл тамаша әдеби туынды.

    «Батый. К последнему морю»

      Бұл кітапта Шыңғыс ханның немересі, Жошының ұлы Батудың жорықтары суреттеледі. Қиыр Шығыстан Еуропаға дейін жорық жасап, Киев Русін жаулап алған. Бұл тарихи роман Батудың басқару әдістері, оның әскери шеберлігі мен Еуразия кеңістігіндегі ықпалын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.

      «Энциклопедия чудес»

        Продюсердің балалық шағындағы сүйікті кітабы. Бұл еңбек әлемдегі тылсым құбылыстар, ғылыми ашылулар мен адамзат баласын таңғалдырған түрлі оқиғалар туралы баяндайды. Нариман Әбиевтің жаңа, ерекше дүниелерге деген қызығушылығы дәл осы кітаптан бастау алғанын айтады.

        «Ешь, двигайся, спи» және «Атомные привычки»

          Бұл екі кітап адам денсаулығы мен әдеттердің маңыздылығын түсіндіреді.
          «Ешь, двигайся, спи» – ұзақ әрі сапалы өмір сүру үшін күнделікті қандай дағдыларды қалыптастыру керек екенін баяндайды. «Атомные привычки» – үлкен жетістіктерге жету үшін кішкентай, бірақ тұрақты әдеттердің маңызын көрсетеді. Өмір сапасын жақсартқысы келетіндер үшін бұл екі еңбек аса пайдалы.

          «Мир животных» – Игорь Акимушкин

            Бұл кітап жануарлар әлемінің сан қырлы әрі ғажайып екенін көрсетеді. Автор тіршілік иелерінің таңғажайып ерекшеліктері, олардың мінез-құлқы, табиғаттағы рөлі туралы терең мағлұмат береді. Нариман Әбиевтің жануарларға деген сүйіспеншілігі дәл осы еңбектен бастау алғанын айтады.

            Еске сала кетейік, бұған дейін Шавкат Рахмоновтың сүйікті кітаптары туралы жазған едік.

            Сондай-ақ оқыңыз