Банк пен қаржы

Ұлттық валюта бірден шамамен 5 теңгеге нығайды

Теңге шамамен 5 теңгеге нығайды / фото: shutterstock

12 ақпанда Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда нәтижесінде ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы бірден 4,94 теңгеге нығайып, бір доллар 501,31 теңге болды.

Осылайша теңгенің нығаюы бүгін де жалғасты. Бір күн бұрын ұлттық валюта 3,48 теңгеге арзандап, 1 доллар 506,43 теңге болған еді.

Бір айдың ішінде ғана төл теңге шамамен 30 теңгеге нығайды. 2025 жылғы 10 қаңтарда 1 доллар 530 теңге тұратын.

Теңге қаңтардың аяғынан бері үздіксіз күшейіп келеді. Ақпанның басында доллар аздап көтерілгені болмаса, ұлттық валюта бағамы 2024 жылғы қарашадағы көрсеткішке жақындап қалды. Теңге былтыр қарашаның аяғынан бастап екі ай көлемінде қатты құлдыраған.

Бұған дейін Kursiv.Media доллардың әлсіреп, теңгенің нығаю себептерін түсіндірген еді.