Доллар бағамы 500 теңгеден төмендеді

Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықта теңге тағы нығайып, доллар 3,88 теңгеге арзандады. Доллар/теңге жұбында АҚШ валютасы 497,95 теңгеге саудаланды.
Алматының айырбастау пункттері долларды 499-500 теңгеден сатып алып, 503-506 теңгеден сатып жатыр. Жалпы доллар соңғы айда 30 теңгеден аса арзандады.
Теңге Ресей рублімен қатар нығайып жатыр. 13 ақпан күні сауда-саттықта доллар/рубль жұбында доллар 94 рубльге дейін арзандады.
Ұлттық валютаның нығаюына экспортерлердің салық төлеу кезеңі де әсер еткен.
Алайда Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов теңге нығайып жатқан жоқ, экономикалық негізі көрсеткішіне қайтып жатыр деп тұжырымдайды.
Қасенов қазіргі уақытта девальвацияға себеп жоқ екенін атап өтті. Алайда болашақта бағам мұнай бағасының өзгеруіне байланысты ауытқуы мүмкін.