Мәдина Сәдуақасова қартаймау мен сұлулық құпиясын білемін деп оқырмандарын сүйсіндірді

Жарияланды 13 Ақпан 2025 16:07

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Мәдина Сәдуақасова суреттерімен оқырмандарын сүйсіндірді / фото: instagram

Танымал әнші Мәдина Сәдуақасова жаңа суреттерімен бөлісіп, оқырмандарының ыстық ықыласына бөленді. Әнші Instagram парақшасында өзінің қартаймау мен сұлулықтың құпиясын білетінін айтып, тіпті курс ашу туралы ойланатынын да әзілдеп жеткізді.

«Қартаймау мен сұлулық құпиясын білемін. Курс ашу керек шығар. Кімге қызық, комментарийге жазыңыз!» – деп жазды әнші.

Оқырмандары бірден пікір білдіріп, Мәдинаның сұлулығына тәнті болғанын жасырмады:

«Мадина ханым өте әдемісіз, қандай киім кисеңіз де жарасады, 18 жастағы қыз сияқтысыз!» «Сырдың сұлуы!» «Қайда, қалай, қандай образда түссе де, барлығы құйып қойғандай жараса кетеді ғой!» «Нешедесіз?» – деп сұрағандар да табылды.

Сондай-ақ оқыңыз