
Ерекше дауысымен әлемді мойындатқан Димаш Құдайберген бұл жолы өз жанкүйерлерін мүлде басқа қырынан таңғалдырды. Әнші алғаш рет мылтық атып, көздеген нысаналарын дәл тигізген сәтін әлеуметтік желіде бөлісті.
Димаштың мергендігін көрген жанкүйерлері таңданысын жасырмай, түрлі пікірлер қалдырды.
«Қыранның көзіндей мерген екен“, Шарлар Димашты көріп өздері жарылып жатқандай», десе, енді бірі: «Сегіз қырлы, бір сырлы жігіт!» деп сүйсінді.
Бұған дейін, Димаш Қытайдағы «шамдар фестивалінде» алғаш рет Джеки Чанның фильмінде орындаған саундтрегін шырқады.