Оңтүстік Корея автоконцерндері Қытайдан кейін электромобиль өндірісін күшейте бастады

Жарияланды 15 Ақпан 2025 18:00

(жаңартылды 16 Ақпан 2025 15:32)
Еңлік Нұрболат

Еңлік Нұрболат

автор
Hyundai, Kia және KG Mobility: болашақтың электромобильдерін жасауға дайын ба? / фото: KIA.com.kz

2025 жылы Оңтүстік Корея автоконцерндері Қытайдан кейін электромобиль өндірісін күшейте бастады. Оған мысал аңдатпасы алдын ала айтыла бастаған Hyundai, Kia, Genesis шығаратын жаңа модельдер.

Оңтүстік Корея Қытаймен бәсекеге түспек

Кореялық автокөлік брендтері электромобильдер мен инновациялық технологияларды дамытуға ерекше назар аударып отыр. Бұның бірнеше себебі бар. Біріншіден, әлемдік нарықтың электрленуі. S&P Global Mobility болжамына сәйкес, 2025 жылы электромобильдердің жаһандық сатылымы 15,1 млн бірлікке жетіп, жалпы әлемдік автокөлік нарығының 16,7%-ын құрайды. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда айтарлықтай жоғары. Былтыр сатылым 11,6 млн бірлік болып, нарықтағы үлесі 13,2%-ды құраған.

Екіншіден, электрификацияға салынатын инвестициялардың артуы. Hyundai Motor Group (Hyundai мен Kia-ны қамтиды) 2025 жылы Оңтүстік Кореяда электромобильдерге көшу процесін жеделдету үшін рекордтық 16,7 млрд доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр. Оның 9,5 млрд доллары электрификация және гибрид көліктерді зерттеуге және әзірлеуге, ал 10 млрд доллары электромобильдерді шығару үшін өндірістік қуаттарды жаңғыртуға жұмсалады.

Үшіншіден, шетелдік өндірушілермен бәсекелестік. Қытайлық BYD сияқты компаниялар Корея нарығына белсенді түрде шығып, электромобильдерді тиімді бағамен ұсынып жатыр. Бұл кәріс өндірушілерін нарықтағы үлестерін сақтау үшін бағаны төмендетуге және жаңа модельдерді әзірлеуді жеделдетуге мәжбүрлейді.

Осылайша, кореялық автокөлік брендтері тез дамып келе жатқан электромобильдер нарығында өз позицияларын нығайту үшін инновациялық технологияларға инвестиция салып, электрлі модельдер қатарын кеңейтуді көздеп отыр.

Бұл ретте Оңтүстік Корея автоконцерндері 2025 жылы шығаратын автоларға тоқталсақ. Мысалы, Kia үш жаңа электромобиль әзірлеуде. Барлық үш жаңа модель 27 ақпанда EV Day шарасы аясында таныстырылады.

Үш дебют және электромобиль нарығының көшбасшысы болуға ұмтылыс

Кореялық автоконцерн осындай нәтижеге қол жеткізуді жоспарлап отыр. 27 ақпанда өтетін EV Day қарсаңында компания электрификация саласындағы жаһандық көшбасшылық стратегиясының егжей-тегжейімен бөліседі. Үш электромобильдің ішінде: EV4 спорттық седаны, EV2 шағын кроссовері және PV5 коммерциялық фургоны бар.

Жаңа модельдерге шолу

Kia EV2 – қалалық типтегі шағын электрлі хэтчбек. Бұл модель шамамен 50 кВт/сағ батареямен жабдықталып, 350 шақырымға дейінгі қашықтықты жүріп өтеді. Электр қозғалтқышының қуаты 134 ат күшіне тең, ал жылдамдығын сағатына 100 шақырымға дейін 9 секундта арттырады.

Тағы бір жаңа көлік EV4 – орташа өлшемді электрлі седан. Оған 77,4 кВт/сағ батарея орнатылып, 500 шақырымға қашықтықты жүріп өтеді. Электр қозғалтқышының қуаты 201 ат күшіне тең, ал жылдамдығын сағатына 100 шақырымға дейін 7,5 секундта арттырады.

Үшінші модель – PV5 фургоны.

Ол коммерциялық мақсаттағы электрофургон. Бұл модель 100 кВт/сағ батареямен жабдықталып, 400 шақырымға дейінгі қашықтықты жүріп өтеді. Жүк көтеру мүмкіндігі 1000 келіге тең, ал жүк салғышының көлемі 6 текше метр.

Электромобильдер нарығындағы Hyundai

Ioniq 9 – үш қатарлы орындықтары бар үлкен электрлі жол талғамайтын көлік. Бұл модель E-GMP платформасында жасалып, 110,3 кВт/сағ батареямен қамтамасыз етіледі. Көлік 483 шақырымды бір толы қуатпен жүріп өтеді. Артқы және толық жетекті нұсқаларында ұсынылады. Long Range RWD нұсқасында 214 ат күші, ал Performance AWD нұсқасында екі 160 кВт қозғалтқышы бар.

Ioniq 6 Nспорттық электроседан. Бұл модель 600 ат күшіне дейінгі екі электр қозғалтқышымен жабдықталады. Жылдамдығын сағатына 100 шақырымға дейін 4 секундта арттырады. Батареясының қуаты 77,4 кВт/сағатқа тең, жүріс қоры 400 шақырымды құрайды.

Премиум электрокар

Кореялық премиум бренд Genesis-те электрокөлік шығарды. Атап айтқанда GV90 – үш қатарлы орындықтары бар люкс электрлі жол талғамайтын көлік. Ол 100 кВт/сағ батареямен жабдықталып, 450 км-ге дейінгі қашықтықты жүріп өте алады. Қозғалтқыштың қуаты 400 ат күшіне тең. Жылдамдығын сағатына 100 шақырымға дейін 5,5 секундта арттырады.

Келесісі GV60 Magma – қиын жағдайларға арналған арнайы электрлі кроссовер. Автомобиль дөңгелектердің орнына төрт шынжыртабанмен жабдықталып, қарлы және таулы жерлерде қозғала алады. Бұл модель екі 429 ат күшіне тең электр қозғалтқышымен жабдықталған. Бір толы батареямен 470 шақырымға дейінгі қашықтықты жүріп өтеді.

Бұрынғы SsangYong қазіргі KG Mobility

Аталған автокөлік маркасы да «жасыл» темір тұлпарлар қатарын толықтыра бастады.  Мысалы, Musso EV5 – жұмысқа да, демалысқа да арналған электрлі пикап. Бұл модель 80 кВт/сағ батареямен жабдықталып, бір толы батареямен қозғалыс қуаты 400 шақырымды құрайды. Қозғалтқышының қуаты 300 ат күшіне тең. Жылдамдығын сағатына 100 шақырымға дейін 7 секундта арттырады.

Бұл марка ұсынып отырған тағы бір модель – KR10 – ретро стильдегі ықшам электрлі жол талғамайтын көлік. Бұл модель 60 кВт/сағ батареямен жабдықталып, 350 шақырымға дейінгі қашықтықты қуаттамай жүріп өте алады. Қозғалтқыш қуаты 200 ат күшіне тең.  Жылдамдығын сағатына 100 шақырымға дейін 8 секундта арттырады.

Сондай-ақ оқыңыз