Ақберен Елгезек “Болмаған балалық шақ” фильміне қанша қаржы жұмсады

Жарияланды 15 Ақпан 2025 16:05

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Ақберен Елгезектің «Болмаған балалық шақ» фильмінің бюджеті қандай / фото: фильмнің кадры

Жазушы Ақберен Елгезектің бестселлерге айналған «Болмаған балалық шақ» романы 27 ақпаннан бастап енді үлкен экранға жол тартады. Алайда, бұл картинаны түсіру оңайға соқпаған. Киноның бюджеті, қаржылық қиындықтары, актерлік құрам мен басқа да құпиялары жайлы Ақберен Елгезек Kursiv Media басылымына айтып берді.

«180 миллион теңге қарызға алдым»

Ақберен Елгезектің айтуынша, фильм түсірге Қазақфильм киностудиясының экс-басшысы Азамат Сатыбалды түрткі болған. Алайда артынша Сатыбалды қызметінен кетсе де, Бас продюссер тоқтауға болмайды деп 180 миллион теңге қарызға алып, өз қалтасынан 60 миллион теңге салған. Бұдан бөлек, қосымша 10-15 миллион теңге жұмсалған.

«Бұл фильм коммерциялық табыс үшін емес, қоғамға ой салу үшін түсірілді. Бірақ көрерменнің киноға келуі – біздің еңбегіміздің бағасы», – деді Елгезек.

Ақберен неге қарызға кірді? Басты рөлді сомдаған Берік Айтжановтың гонорары қанша? Бадықованың фильмінің прокатта көп ақша табуының сыры не? Ойлы киноға сұраныс бар ма? осы және өзге де сұрақтарға жауапты толығырақ YouTube арнамыздан көре аласыз.

Сондай-ақ оқыңыз