
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері, UFC-дің жартылай орта салмақтағы үздік файтерлерінің бірі Шавкат Рахмонов тек спортта ғана емес, кинематографияда да өзіндік талғамға ие. Kursiv LifeStyle Шавкаттан сүйікті топ 5 фильмін сұрап көрді.
Гарри Поттер (Harry Potter)
Гарри Поттер фильмі Дж.К. Роулингтің аты аңызға айналған кітабының желісі бойынша түсірілген. Сиқыршылар мен зұлым күштердің шайқасы, Хогвартс мектебіндегі ерекше оқиғалар көрерменді баурап алады.
Питер Пэн (Peter Pan)
Балалық шақтың сиқырын сақтап қалған ерекше туынды – Питер Пэн. Бұл фильм қиял мен шытырман оқиғаларды сүйетіндер үшін таптырмас туынды. Мультфильм мен фильмнің түрлі нұсқалары бар, олардың барлығы да Неверленд әлеміне саяхат жасап, бала кезден ересектікке өту туралы философиялық ой тастайды.
Властелин колец (The Lord of the Rings)
Фэнтези жанрындағы ең аңызға айналған фильмдердің бірі – «Властелин колец». Дж.Р.Р. Толкиннің шығармасы негізінде түсірілген бұл киноэпопея нағыз достық, адалдық пен батылдықтың символына айналды.
Нарния шежіресі (The Chronicles of Narnia)
Клайв Льюистің әйгілі кітабы негізінде түсірілген «Хроники Нарнии» фильмі көрерменді сиқырлы әлемге жетелейді. Фильмде балалар ертегілік Нарния әлеміне еніп, жақсылық пен зұлымдық арасындағы шайқасқа араласады.
Жұлдызды соғыстар (Star Wars)
Фантастика әлемінің аңызына айналған «Жұлдызды соғыстар» фильмі Шавкат Рахмоновтың топ-5 тізімін түйіндейді. Джордж Лукастың бұл туындысы бүкіл әлемге әйгілі болып, миллиондаған жанкүйер жинаған.
Бұған дейін Шавкат Рахмонов оқыған топ 5 кітабы туралы жазған едік.