Қазақстан құрамасы нысана көздеуден Азия Кубогында көш бастап тұр

Жарияланды 17 Ақпан 2025 08:42

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Қазақстан нысана көздеуден Азия Кубогында көш бастап тұр / фото: Туризм және спорт министрлігі

Таиланд астанасы Бангкокта өтіп жатқан Азия Кубогында Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, көш бастады. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі хабарлады. Бір аптаға созылған сайыстан кейін ел құрамасы 5 алтын, 6 күміс, 3 қола медальмен жалпыкомандалық есепте 1-орынға шықты.

Жүлдегерлер тізімі

Алтын медаль иегерлері:

  • Қазақстан ерлер құрамасы (Ислам Сәтпаев, Константин Малиновский, Никита Шахторин) – 10 метрден пневматикалық винтовка
  • Қазақстан аралас құрамасы (Константин Малиновский, Елизавета Безрукова) – 10 м, пневматикалық винтовка
  • Олег Носков (жасөспірімдер арасында) – 10 м, пневматикалық винтовка
  • Кирилл Цуканов (жасөспірімдер арасында) – 10 м, тапанша
  • Қазақстан ерлер құрамасы (Рамазан Ынтықбай, Кирилл Цуканов, Кирилл Федькин) – 10 м, тапанша

Күміс медаль иегерлері:

  • Ислам Сәтпаев – 10 м, пневматикалық винтовка
  • Валерий Рахымжан – 10 м, тапанша
  • Қазақстан әйелдер құрамасы (Валерия Попелова, Ирина Юнусметова, Ольга Аксенова)
  • Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (Малика Сейіл, Кирилл Федькин) – 10 м, тапанша
  • Қазақстан әйелдер құрамасы (жасөспірімдер) (Малика Сейіл, Сәуле Әлімбек, Кристина Устинова) – 10 м, тапанша
  • Қазақстан ерлер құрамасы (жасөспірімдер) (Ринат Казаченко, Олег Носков, Дмитрий Ким) – 10 м, тапанша

Қола медаль иегерлері:

  • Александра Ле – 10 м, пневматикалық винтовка
  • Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (Олег Носков, Анастасия Григорьева) – 10 м, пневматикалық винтовка
  • Кирилл Федькин (жасөспірімдер арасында) – 10 м, тапанша

2025 жылғы Азия Кубогына құрлықтың 23 елінен 320-ға жуық спортшы қатысып отыр. Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 1-орында келеді. 3 алтын медаль еншілеген Сингапур екінші орында тұр.

Сондай-ақ оқыңыз