
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Дубайда өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдегі алғашқы матчында жеңіске жетті.
Бұл ойында қарсыласы Жапониялық Моюка Утидзима болды. Утидзима бұл кездесуге дейін турнирде үш матч өткізіп, іріктеу кезеңінде Нидерланд өкілі Аранча Рус (93-орын) пен ресейлік Анастасия Захарованы (135-орын) жеңіп, негізгі кезеңнің бірінші айналымында Латвияның үздік теннисшісі Елена Остапенконға қарсы ойында (26-орын) сенсациялық жеңіске жетті.
Дубай турнирінің жүлде қоры
2024 жылғы Дубайдағы WTA 1000 турнирінің жалпы жүлде қоры – 3 664 963 доллар. Чемпион атанған теннисші 597 000 доллар мен 1000 рейтингтік ұпайға ие болады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Рыбакинаға қорлық көрсеткен бапкер Стефано Вуков теннистен бір жылға шеттетілген еді.