«Рэкетир 3» фильмі алғашқы аптада 657 млн теңге табыс тапты

Жарияланды 18 Ақпан 2025 12:28

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
«Рэкетир 3» фильмі алғашқы аптада 657 млн теңге табыс тапты / фото: ашық дереккөз

«Рэкетир 3» фильмі кинотеатрларға шыққан алғашқы аптада-ақ 657 955 766 теңге жинап, қазақстандық прокатта көш бастады.

«Рэкетир 3» – 657 955 766 теңге

Ақан Сатаевтың дебюттік фильмі жалғасын тапты. Үшінші бөлімде ұзақ жылдар түрмеде жазасын өтеген Саян бостандыққа шығады. Бірақ өткен өмірі маза бермейді. Бостандыққа шыққанда Жанның ұлы – Абылай күтіп алады. Абылай әкесінің өлімі үшін кек алғысы келеді.

«Капитан Америка: Жаңа әлем» – 332 691 021 теңге

АҚШ-тың жаңа президенті Таддеус Росс Капитан Америка Сэм Уилсонды елдің ресми қорғаушысы етіп тағайындауға шешім қабылдайды. Бірақ араларында келіспеушіліктер болады. Президентке қастандық жасалып, Сэм президент пен елді қорғау үшін жауға қарсы тұрады. Бұл – «Капитан Америка» франшизасының төртінші бөлімі, онда бұрынғы Капитан Америка Стив Роджерстің орнына жаңа кейіпкер Сэм Уилсон пайда болады.

«Арамызда Стамбұл» – 118 427 010 теңге

Фильмде Қазақстан мен Түркия арасындағы махаббат хикаясы баяндалады. Басты кейіпкер – қазақстандық бойжеткен Стамбұлға саяхатқа шығып, күтпеген жерден қазақ жігітін ұнатып қалады. Алдыңғы аптада 245 млн жинап, көш бастаған фильм бұл жолы үшінші орында болса да, танымалдылығын жоғалтқан жоқ.

Сондай-ақ оқыңыз