
Tatler Kazakhstan басылымының бас редакторының міндетін атқарушы болып Анара Кукиева тағайындалды.
Tatler Kazakhstan командасына басылым іске қосылған сәтте қосылып, өзін дарынды және жігерлі маман ретінде көрсетті. Әлеуметтік редактор қызметінде жоғары қоғам хроникасын жүргізуге, эксклюзивті сұхбаттар ұйымдастыруға, сондай-ақ сән, мәдениет және бизнес әлемінің жетекші тұлғаларымен байланыс орнатуға жетекшілік етті.
«Tatler-ді басқару – мен үшін үлкен сынақ. Әріптестерімнің маған сенім білдіргеніне ризамын. Біз ерекше, жарқын әрі әсем дүние жасай алатынымызға сенемін», – деді Анара Кукиева.
Медиа саласындағы тәжірибесі
Анара Кукиевa Алматыда медициналық білім алып, стоматолог мамандығын меңгерген. Алайда, 2011 жылдан бастап медиа саласында табысты мансап құра бастады.
Tatler-ге дейін:
- Fashion және beauty редакторы қызметін атқарды,
- Buro 24/7 жобасында шеф-редактор болды,
- Консалтингпен айналысып, жеке кәсіп ашты.