
19 ақпаннан 20 қараған түні футбол әлеміндегі ең тартысты кездесулердің бірі – «Реал Мадрид» пен «Манчестер Сити» арасындағы Чемпиондар лигасының қарымта ойыны өтеді.
Матчты қайдан көруге болады?
Қазақстандық футбол сүйер қауым бұл ойынды «Qazsport» телеарнасынан тамашалай алады. Тікелей эфир сағат 00:50-де басталады.
Алдыңғы ойын қалай өтті?
«Этихад» стадионында өткен алғашқы кездесуде мадридтіктер 3:2 есебімен жеңіске жетті. Өзбекстандық жас қорғаушы Абдухолик Хусанов алғашқы ойында алаңға шықпаған еді. Бүгінгі матчта Хусанов Килиан Мбаппе мен Винисиус Жуниорға қарсы төтеп беру үшін алаңға шығуы мүмкін.