
Мемлекеттік кірістер комитеті әлеуметтік желіде тараған блогерлер тізіміне қатысты пікір білдірді. Әзірге салық органдары тізімнің рас-өтірігін растамады.
«Тек ресми ақпаратқа сенуге шақырамыз» – дейді мемлекеттік кірістер комиетінің өкілі Kursiv.Media сауалына.
18 желтоқсанда телеграм-арналарда 31 адамның тізімі жарияланды. Ол жерде кәсіпкер, блогер, жүргізушілер, инфлюенсерлер тәрізді танымал тұлғалардың есімдері жазылған.
Аталған тізімге сенсек, әрқайсысы миллиондаған кірісін заңды түрде көрсетпеген.
Ең көп қаражат Бейбіт Әлібековке тиесілі. Ол 2022-2023 жылдар аралығында 2 млрд теңге кірісі бойынша есеп бермегені көрсетілген.
Екінші орында Мамадалиева Мадинахон (@madlen) есімді блогер тұр. Ол 500 млн теңгеге жуық табысын заңды көрсетпеген.
Қызығы, мемлекеттік кірістер комитеті бұл тізімнің рас-өтірігін растамағанымен, блогерлер оны растап үлгерді.
Аталған тізімде кәсіпкер Сырымбек Тау, блогер Өркен Кенжебек, медиажүргізуші Ләйла Сұлтанқызы да бар. Олардың бұл тізімге қатысты жауабын мына жерден оқи аласыздар.