Доллар бір күнде шамамен 5 теңгеге көтерілді

19 ақпанда доллар шамамен 5 теңгеге көтеріліп, ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 503,39 теңге болды.
Екі күн бұрын ғана Қазақстан қор биржасында (KASE) 1 доллар 597,27 теңге деп белгіленген. Содан бері АҚШ валютасы 6 теңгеге нығайып отыр.
Kurs.kz мәліметінше, Алматы қаласындағы валюта айырбастау пунктерінде 1 доллар 505-507 теңгеден, ал Астанада 504-510 теңгеден сатылып жатыр.
Доллар ғана емес, сәрсенбі, 19 ақпан күні басқа да валюталардың теңгеге шаққандағы бағамы көтерілді. Мәселен, евро 6,34 теңгеге, рубль 0,06 теңгеге нығайды.
Бұл уақытта Ресей валютасы нығаюын тоқтатқан жоқ. Қаңтардың аяғы, ақпанның басында теңге рубльмен бірге күшейген болса, бұл жолы ұлттық валютаның аздап күшін жоғалтуына Қазақстан мұнай экспорты 1,5-2 айда 30-40%-ға кемуі мүмкін екені туралы болжам әсер етті. 17 ақпанда Каспий құбыр желісі консорциумының Ресей аумағындағы мұнай айдайтын станцияға әскери дрондар шабуылдап, кәсіпорын істен шығып қалған. Сол күннен бастап теңге нығайғанын тоқтатып, күшін қайтадан жоғалта бастаған.
Бұған дейін Kursiv.Media ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамына қандай жайттар әсер ететіні туралы жазған.