Қырғызстанда «Рэкетир 3″ фильмі прокаттан алынып тасталды

Жарияланды 20 Ақпан 2025 19:17

(жаңартылды 21 Ақпан 2025 09:52)
Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Фото: kursiv.media

Қазақстандық «Рэкетир 3» криминалдық драмасы Қырғызстан кинотеатрларынан толықтай алынып тасталды. Бұл туралы Kaktus Media хабарлады.

Прокаттан не үшін алынды?

«Синематика» кинотеатрлар желісінің мәліметінше, фильмнің көрсетіліміне «Кыргыз тасмасы» мемлекеттік концерні тыйым салған. Нақты себептер әзірге белгісіз, бірақ кинотеатрлар бұл шешімге бағынбаса, айыппұл салынатынын мәлімдеген.

«Біз тек олардың шешімін орындаймыз. Егер фильмді көрсетуді жалғастырсақ, заң бұзған боламыз. Сондықтан кино билеттерін қайтару жұмысын ұйымдастырып жатырмыз. Клиенттердің саны көп, өйткені фильмнің алдын ала сатылымы сейсенбі күні басталған еді. Көптеген көрермен демалыс күндеріне билеттер сатып алған», – деді «Синематика» өкілдері.

«Рэкетир» фильмінің алғашқы екі бөлімі 2007 және 2015 жылдары жарық көрген болатын. 13 ақпанда Қазақстанда прокатқа шыққаннан бері бұл картина отандық прокатта 600 млн касса жинап, көш бастап тұр.

Қазіргі таңда Қырғызстан билігі бұл шешімнің нақты себебін түсіндірмеген. Кинотеатр әкімшілігі көрермендерге сатып алынған билеттерді қайтаруға болатынын хабарлады.

Сондай-ақ оқыңыз